«ВОСТОК-ЗАПАД» БК» ЖШҚ басқаруындағы «Фонд первичных размещений» нарықтық қаржы құралдары жабық пайлық инвестициялық қорының пай иелерінің кезекті жиналысы өтетіндігі туралы
Құрметті клиенттер!
Осымен «ВОСТОК-ЗАПАД» БК» ЖШҚ басқаруындағы «Фонд первичных размещений» нарықтық қаржы құралдары жабық пайлық инвестициялық қорының пай иелерінің кезекті жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) өтетіндігі туралы хабарлаймыз.
Жиналыс өткізілетін күн: 2026 жылғы 2 қыркүйек.
Нұсқауларды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 27 тамыз.
Өткізілетін орны: Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Пресненский муниципалдық округі, 1-ші Красногвардейский өткелі, 15-үй, 10-қабат, 7-үй-жай.
Күн тәртібі:
- Инвестициялық декларацияның өзгеруіне байланысты Қорды сенімгерлік басқару ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар тұлғалардың тізімі 2026 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша қалыптастырылды.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ