Tyson Foods Inc. купондық облигациялары (ISIN: US902494BK88) бойынша корпоративтік оқиға жарияланғанын хабарлаймыз
Құрметті клиенттер!
Сіздерге Tyson Foods Inc. купондық облигациялары (ISIN: US902494BK88) бойынша корпоративтік оқиға жарияланғанын хабарлаймыз.
Корпоративтік оқиғаның деректері:
| Параметр | Мәні |
| Оқиғаның түрі | Тендер / Сатып алу туралы ұсыныс (Repurchase Offer) |
| Міндеттеме белгісі | Ерікті |
| Төлем күні | 2026 жылдың 26 тамызы |
| Күтілетін алу күні | 2026 жылдың 26 тамызы |
| Өтінімнің ең төменгі көлемі | Номиналды құны 2 000 USD |
| Өтінімнің еселігі | 1 000 USD |
| Өтінімдерді қабылдаудың басталуы | 2026 жылдың 10 тамызы |
| Соңғы мерзім (Мерзімінен бұрын сатып алу – A нұсқасы) | 2026 жылғы 21 тамыз, сағат 18:00 (Нью-Йорк уақыты бойынша) |
| Соңғы мерзім (Соңғы сатып алу – B нұсқасы) | 2026 жылғы 8 қыркүйек, сағат 23:00 (Нью-Йорк уақыты бойынша) |
Облигация ұстаушыға арналған әрекет ету нұсқалары:
- A нұсқасы — Сатып алуға мерзімінен бұрын ұсыну (Option A):
- Инструкцияны (нұсқаулықты) 2026 жылғы 21 тамызға дейін жіберген жағдайда, инвестор номиналдың әрбір $1 000 үшін $30 мөлшеріндегі мерзімінен бұрын ұсынғаны үшін сыйақыны, сондай-ақ жинақталған купондық кірісті (ЖКК) қамтитын Total Consideration (келтірілген құн формуласы бойынша есептелетін өтемақының толық сомасын) алады.
- B нұсқасы — Әдеттегідей сатып алуға ұсыну (Option B):
- Инструкцияны 2026 жылғы 24 тамыздан 8 қыркүйекке дейінгі аралықта жіберген жағдайда, инвестор Purchase Price (мерзімінен бұрын ұсынғаны үшін берілетін $30 сыйақысыз сатып алудың базалық бағасын) плюс ЖКК алады.
- 003 нұсқасы — Қатыспау (Take No Action — Әдепкі бойынша):
- Егер облигациялар бойынша инструкция жіберілмесе, клиент сатып алу ұсынысына қатысудан бас тартты деп есептеледі және облигацияларға бұрынғы шарттарда иелік етуді жалғастырады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы: +7 (701) 006 41 81
- Астана: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ