Nebius Group N.V. акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы
Құрметті клиенттер!
Осымен Nebius Group N.V. (бұдан әрі – Компания) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 25 тамызда, сағат 17:00-де (Амстердам уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша өтетінін хабарлаймыз: Компания офисі, Burgerweeshuispad 101, 1076 ER Amsterdam, Нидерланд.
Күн тәртібі:
- Директорлар кеңесінің Компанияның 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігін дайындау мерзімін ұзартуын мақұлдау.
- Компанияның қаржылық есептілігін және жарғылық есептерін бекіту.
- Директорлар кеңесінің мүшелерін өз міндеттерін орындау бойынша жауапкершіліктен босату.
- Директорлар кеңесінің мүшелерін қайта сайлау.
- Deloitte Touche LLP және Deloitte Accountants B.V. – ді Компанияның аудиторлары ретінде бекіту.
- Директорлар кеңесіне А класындағы акцияларды шығару өкілеттіктерін беру.
- Директорлар кеңесіне акцияларды шығару кезінде акционерлердің басымдық құқығын алып тастау өкілеттіктерін беру.
- Компанияның А класындағы акцияларын кері сатып алу бағдарламасын мақұлдау.
- С класындағы акциялардың күшін жоюды мақұлдау.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі 2026 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша қалыптастырылды.
Нұсқаулықты берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 14 тамыз сағат 18:00 (UTC уақыты бойынша).
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz