Microsoft Corp. компаниясының жылдық акционерлердің жалпы жиналысы 2026 жылғы 8 желтоқсанда сағат 08:30-да (АҚШ уақыты бойынша) өтетінін хабарлаймыз
Құрметті клиенттер!
Сіздерге Microsoft Corp. компаниясының жылдық акционерлердің жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 8 желтоқсанда сағат 08:30-да (АҚШ уақыты бойынша) өтетінін хабарлаймыз.
Күн тәртібі:
- Директорлар кеңесінің мүшелерін қайта сайлау;
- Компания басшыларының сыйақысын бекіту;
- Deloitte & Touche LLP аудиторлық компаниясын компанияның тәуелсіз аудиторлары ретінде бекіту;
- Жасанды интеллект пен дата-орталықтар тарапынан өсіп жатқан энергия сұранысын ескере отырып, парниктік газдар бойынша мақсаттарға қол жеткізу туралы есеп;
- Адам құқықтары саласындағы тиісті тексеру процедурасының тиімділігі туралы есеп;
- Адам құқықтары саласында айтарлықтай проблемалары бар елдерде қызмет жүргізу тәуекелдері туралы есеп;
- Бас директор (CEO) және Директорлар кеңесінің төрағасы рөлдерін бөлу бойынша міндетті саясатты қабылдау.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жасақталды.
Дауыс беруді ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қарашада сағат 19:00-ге дейін (АҚШ уақыты бойынша).
Сонымен қатар, Жиналыс материалдарымен компанияның ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://www.microsoft.com/en-us/investor/annual-meeting
Жиналыстың өту орны: виртуалды кездесу, сілтеме: https://virtualshareholdermeeting.com/MSFT26
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ