The Boeing Company акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз

16 наурыз 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен The Boeing Company акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналыс 2026 жылғы 17 сәуірде сағат 09:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтеді.

Күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін қайта сайлау. 
  2. Басшылардың сыйақысын бекіту бойынша консультативтік дауыс беру. 
  3. Deloitte Touche LLP компаниясын аудитор ретінде бекіту.
  4. Мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасау комитетін құру. 
  5. Акционерлерге жалпы жиналыс өткізбестен, жазбаша келісім арқылы шешім қабылдау құқығын беру.

Дауыс берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 8 сәуір, сағат 18:00 (АҚШ уақыты бойынша).

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша жасалды. 

Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме: https://www.virtualshareholdermeeting.com/BA2026

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: https://investors.boeing.com/investors/events-presentations/event-details/2026/Annual-Meeting-of-Shareholders-2026/default.aspx 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау