Amazon.com Inc компаниясының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы туралы

14 сәуір 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен Amazon.com Inc компаниясының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 09:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтетінін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).         

Күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.  
  2. Ernst & Young LLP -ді аудитор ретінде бекіту. 
  3. Басшылардың сыйақысы бойынша консультативтік дауыс беру.
  4. Саясиласқан серіктестер жасап шығарған диагностикалық құралдарды пайдалану тәуекелдері туралы есеп.
  5. Дата-орталықтар қызметінің компанияның экологиялық тұрақтылық және климаттың өзгеруі саласындағы міндеттемелерінің орындалуына тигізетін әсері туралы есеп.
  6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың және қабылданған экологиялық міндеттемелерді орындаудың қаржылық тиімділігін талдау.
  7. Директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасын тағайындау туралы талап.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-ге дейін (АҚШ уақыты бойынша).  

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша жасалды.  

Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме: www.virtualshareholdermeeting.com/AMZN2026 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау