Skydance Corp варранттары бойынша корпоративтік оқиға жарияланғанын хабарлаймыз
Құрметті клиенттер!
Сіздерге Skydance Corp компаниясының варранттары бойынша (ISIN: US69932A1135) корпоративтік оқиға жарияланғанын хабарлаймыз.
Корпоративтік оқиғаның деректері:
| Параметр | Мәні |
|---|---|
| Оқиғаның түрі | Варранттарды орындау (warrants exercise) |
| Міндеттеме белгісі | Ерікті (Voluntary) |
| Конвертация коэффициенті (Ratio) | 1-ге 1 (1 варрант = 1 Class B акциясы) |
| Орындау бағасы (Exercise Price) | Акция үшін 12.00 USD |
| Варранттардың қолданылу мерзімі | 2036 жылғы 13 қазанға дейін |
Қолжетімді опциялар:
Option 1 — Варранттарды орындау (Exercise the Warrants): әрбір бағалы қағаз үшін 12.00 USD қосымша төлей отырып, варранттарды Skydance Corp жай акцияларына (Class B) айырбастауға өтінім беру.
Option 2 — Ешқандай әрекет жасамау (Take No Action — әдепкі бойынша): ешқандай өтінім бермей, варранттарды шотта қалдыру. Құрал портфельде қалады және оны кейінірек, мерзімі аяқталғанға дейін (2036 жылғы 13 қазан) орындауға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ