Fresenius SE & Co KGaA акциялары бойынша корпоративтік оқиға жарияланғанын хабарлаймыз
Құрметті клиенттер!
Сіздерге Fresenius SE & Co KGaA (ISIN: DE0005785604) компаниясының акциялары бойынша корпоративтік оқиға жарияланғанын хабарлаймыз.
Корпоративтік оқиғаның деректері:
| Параметр | Мәні |
| Оқиғаның түрі | Айырбастау ұсынысы (Exchange offers) |
| Міндеттеме белгісі | Міндетті |
| Күшіне ену күні | 2026 жылдың 13 тамызы |
| Тіркеу күні | 2026 жылдың 14 тамызы |
| Алудың күтілетін күні | 2026 жылдың 17 тамызы |
| Айырбастау коэффициенті | 1 : 1 |
Осы оқиға аясында ұстаушының акцияларын (Bearer Shares) атаулы акцияларға (Registered Shares) 1 : 1 қатынасында техникалық айырбастау жүзеге асырылады.
Клиенттердің қатысуы қосымша нұсқаулар немесе тапсырмалар беруді талап етпейді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ