Aes Corporation (ISIN: US00130H1059) компаниясының акциялары бойынша бұрын жарияланған корпоративтік оқиға жаңартылғанын хабарлаймы

23 қараша 2026

Құрметті клиенттер!

Сіздерге Aes Corporation (ISIN: US00130H1059) компаниясының акциялары бойынша бұрын жарияланған корпоративтік оқиға жаңартылғанын хабарлаймыз.

Корпоративтік оқиғаның деректері:

Параметр Мәні
Оқиғаның түрі Бірігу (merger)
Міндеттеме белгісі Міндетті
Күшіне ену күні 2026 жылдың 02 желтоқсаны
Тіркеу күні Белгісіз
Төлем күні Белгісіз
Күтілетін алу күні Белгісіз
Жиналыс күні 2026 жылдың 26 маусымы
Ақшалай өтемақы Бір акция үшін 15 USD
Бірігу арақатынасы 1:1

Бірігу аяқталған жағдайда AES Corporation компаниясының айналыстағы әрбір акциясы қолданылатын салықтар мен алымдарды шегергенде, пайыздар есептелмейтін 15 USD мөлшерінде ақшалай қаражат алу құқығына айырбасталады.

Бірігу аяқталған жағдайда, бірігу туралы келісімді мақұлдауға дауыс бермеген және Делавэр штатының Корпорациялар туралы жалпы заңының 262-бабына сәйкес өз акцияларының құнын бағалау құқығын тиісті түрде жүзеге асырған акционерлер заңда белгіленген тәртіппен өтемақы алуға құқылы болуы мүмкін.

Осы құқықты жүзеге асыру үшін акционерлер мынадай шарттарды сақтауға тиіс болды:

  1. Бірігуді мақұлдау мәселесі бойынша дауыс беру өткізілгенге дейін компанияға акциялардың құнын бағалауды жүргізу туралы жазбаша талап жіберу.
  2. Бірігу туралы келісімді мақұлдауға дауыс бермеу және оны қолдап дауыс беретін сенімхат жібермеу.
  3. Бірігу күшіне енген күнге дейін компанияның акцияларына иелік етуді жалғастыру.

Aes Corporation акцияларымен операциялар корпоративтік оқиға аяқталғанға дейін қолжетімсіз болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81  
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70 
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау