Enovix Corporation акциялары бойынша бұрын жарияланған корпоративтік оқиға жаңартылғанын хабарлаймыз
Құрметті клиенттер!
Сіздерге Enovix Corporation (ISIN: US2935941078) компаниясының акциялары бойынша бұрын жарияланған корпоративтік оқиға жаңартылғанын хабарлаймыз (бұдан әрі - Компания).
Корпоративтік оқиғаның деректері:
| Параметр | Мәні |
|---|---|
| Оқиғаның түрі | Бөлініп шығу (spin-off) |
| Міндеттеме белгісі | Міндетті |
| Тіркеу күні | 2026 жылдың 13 қарашасы |
| Күтілетін аудару күні | 2026 жылдың 18 қарашасы |
| Варранттардың қолданылу мерзімі | 2028 жылдың 28 сәуіріне дейін |
| Бөлу қатынасы | Әрбір 4 акцияға 1 варранттан |
| Бөлшек бөліктер бойынша | Төмен қарай дөңгелектеу |
| Жаңа ISIN | US2935941490 |
Компанияның Директорлар кеңесі акционерлерге тегін варранттар түрінде арнайы дивиденд төлеуді бекітті. Есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады, варранттарды алу үшін ешқандай әрекет жасау қажет емес.
1 варрант Компанияның 1 жай акциясын 3 USD бағасымен сатып алу құқығын береді.
Есептелгеннен кейін варранттар Nasdaq биржасында ENVXW тикерімен листингтен өтеді және акциялардан бөлек сатылатын болады.
Егер шығарылғаннан кейнгі кез келген 30 қатарынан жүргізілген сауда күнінің ішінде 20 сауда күні ішінде Компания акцияларының күндік орташа өлшенген бағасы 3,30 USD немесе одан жоғары (атқару бағасының 3 USD 110%-ы) болса, варранттардың қолданылу мерзімі осы шарт орындалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 17:00-де мерзімінен бұрын аяқталады.
Соңғы мерзімге дейін орындалмаған варранттар ешқандай өтемақы төленбестен жойылады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ