BlackRock Science and Technology акциялары бойынша корпоративтік оқиға
Құрметті клиенттер!
BlackRock Science and Technology компаниясының акциялары бойынша (ISIN: US09260K1016) корпоративтік оқиға жарияланғанын хабарлаймыз.
• Оқиға түрі: Қайта инвестициялау опциясы бар ақшалай төлем / дивидендтер (Cash Distributions).
• Міндеттілік сипаты: Таңдау құқығымен міндетті.
Төлемдер кестесі мен параметрлері:
| Кезең | Тізілімді бекіту күні | Нұсқаулықты берудің соңғы мерзімі (Market Deadline) | Төлем күні | Төлем мөлшері (Gross Cash Rate) |
| 2026 жылғы қазан | 2026 жылғы 15 қазан | 2026 жылғы 19 қазан | 2026 жылғы 30 қазан | бір акцияға 0.1625 USD |
| 2026 жылғы қараша | 2026 жылғы 13 қараша | 2026 жылғы 17 қараша | 2026 жылғы 30 қараша | бір акцияға 0.1625 USD |
| 2026 жылғы желтоқсан | 2026 жылғы 11 желтоқсан | 2026 жылғы 15 желтоқсан | 2026 жылғы 22 желтоқсан | бір акцияға 0.1625 USD |
Маңызды:
- Егер төлемді акция түрінде алуды жоспарласаңыз, ешқандай әрекет жасаудың қажеті жоқ (әдепкі опция бойынша).
- Егер төлемді ақшалай алғыңыз келсе, белгіленген мерзімде нұсқаулық беру үшін төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне/мекенжайларына хабарласу қажет.
Назар аударыңыз: Төлемді ақшалай алу үшін нұсқаулықты соңғы мерзімге жеткізбей, алдын ала тапсыру қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 701 006 41 81
- Астана қ.: +7 701 006 41 80
- WhatsApp: +7 707 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
АҚ «Halyk Finance»