Nvidia Corporation акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы туралы

19 мамыр 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен Nvidia Corporation акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 24 маусымда сағат 09:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтетін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).  

Күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
  2. Компанияның атқарушы басшыларының сыйақысын консультативтік бекіту.
  3. PricewaterhouseCoopers LLP-ді аудитор ретінде бекіту.
  4. Дауыс беру кезінде жай көпшілік дауыс ережесін қабылдау.
  5. Қызметкерлердің діни топтарын қолдау бағдарламаларынан шығару тәуекелдері туралы есеп.
  6. Жұмысқа қабылдау және оқыту кезінде DEI (әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік саясаты) талаптарын қолдану тәуекелдері туралы есеп.
  7. Компанияның сатылған өнімдерін пайдалануға байланысты шығарындылар туралы ақпаратты ашу жөніндегі есеп.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 27 сәуірдегі жағдай бойынша жасалды.  

Нұсқаулықтарды берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 15 маусым, сағат 18:00-ге дейін (UTC/GMT).

Веб-трансляцияға сілтеме акционерлерге интернет-ресурста қолжетімді: www.virtualshareholdermeeting.com/NVDA2026 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау