JPMorgan Chase & Co акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы туралы

9 сәуір 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен JPMorgan Chase & Co акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 19 мамырда сағат 10:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтетінін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).        

Күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.  
  2. Басшылардың сыйақысы бойынша консультативтік дауыс беру.
  3. PricewaterhouseCoopers LLP -ді аудитор ретінде бекіту.    
  4. Компанияның энергетикалық қауіпсіздік стратегиясының оның халықаралық климаттық міндеттемелеріне сәйкестігі туралы есеп.
  5. Бас директор (CEO) мен Директорлар кеңесі төрағасының рөлдерін міндетті түрде бөлу саясатын қабылдау.
  6. Саяси ықпал етуге жұмсалған шығындар және олардың компанияның ресми мақсаттарына сәйкестігін тексеру туралы есеп.
  7. Компанияның тұрақты дамуға салған инвестицияларының болжамды қайтарымдылығы туралы есеп.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 8 мамыр, сағат 18:00-ге дейін (АҚШ уақыты бойынша).  

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша жасалды.  

Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме: www.virtualshareholdermeeting.com/JPM2026 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау