Pfizer Inc. акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз

18 наурыз 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен Pfizer Inc. (бұдан әрі – Компания) компаниясының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс). Жиналыс 2026 жылғы 23 сәуірде сағат 09:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтеді. 

Күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін қайта сайлау. 
  2. KPMG LLP компаниясын аудитор ретінде бекіту. 
  3. Қызметкерлерге арналған сыйақы бағдарламасындағы өзгерістер.
  4. Басшыларға төленетін өтемақыларды бекіту. 
  5. Директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасын тағайындау.

Дауыс берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 14 сәуір, сағат 18:00 (АҚШ уақыты бойынша).

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша жасалды. 

Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме: meetnow.global/PFE2026 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау