«Kaspi.kz» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы
Құрметті клиенттер!
Осымен «Kaspi.kz» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2026 жылғы 9 желтоқсанда сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр көш., 154 «А» мекенжайында өткізілетіні туралы хабараймыз (бұдан әрі – Жиналыс).
Күн тәртібі:
- Жиналыстың күн тәртібін бекіту.
- Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту.
- Жарғыға өзгерістер енгізуді бекіту.
- Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізуді бекіту.
Кворум болмаған жағдайда, қайталанатын Жиналыс 2026 жылғы 10 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де сол мекенжай бойынша өтеді.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 6 қарашадағы жағдай бойынша жасалды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://ir.kaspi.kz/news/
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ