Облигациялар бойынша инвестициялық идея: «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК) – «Бәйтерек» холдингінің құрамына кіретін Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы. Компания тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының аяқталуына кепілдік беруге, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға және халықтың ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға маманданған.
2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша компанияның активтері шамамен 1,94 трлн теңгені, ал 2026 жылдың екі тоқсанындағы таза пайдасы 24,8 млрд теңгені құрады.
Ең төменгі лот: 1 000 KZT
Айналыстағы көлемі: 50 млрд KZT
Индикативтік кірістілік: 16,1%
Айналыс мерзімі: 16.09.2026–16.09.2030 (4 жыл)
Купондық мөлшерлеме: алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалады
Купонды төлеу: жылына 1 рет
